Егіндібұлақ ауылдық округінің сайлау учаскесінің шекарасы
Егіндібұлақ ауылдық округінің сайлау учаскесінің шекарасы
Бәйтерек ауданы әкімінің «Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 13 мамырдағы № 334 шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Бәйтерек аудандық әкімінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 13 шешімі. ШЕШТІМ: 1. Бәйтерек ауданы әкімінің «Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 13 мамырдағы №334 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5661 тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бәйтерек ауданының әкімі М. Тоқжанов Бәйтерек ауданының әкімі 2024 жылғы 29 ақпандағы № 13 шешiмiне қосымша 2019 жылғы 13 мамырдағы № 334 Бәйтерек ауданы әкiмiнiң шешiмiне қосымша Бәйтерек ауданы аумағындағы сайлау учаскелері № Сайлау учаскесінің нөмірі Сайлау учаскесінің шекаралары Дауыс беру үшін учаскесінің орналасқан жері 1 № 163 Егіндібұлақ ауылы, Алмалы ауылы. Егіндібұлақ ауылы, Мектеп көшесі № 1/1, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Егіндібұлақ «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Дата публикации
05 марта 2024