БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Переметный ауылы №3 2024 жылғы 28 ақпан
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық
округі әкімінің сайлауын 2024 жылғы
7 сәуірге тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 7 сәуірге тағайындалсын.
- 2024 жылғы 7 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Бәйтерек ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Комиссия төрағасы Р.Ихласов
Комиссия хатшысы Г.Губашева