БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ - Егіндібұлақ ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

Переметный ауылы                        №2                      2024 жылғы 28 ақпан

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша Егіндібұлақ ауылдық округі аумағының шекарасында – Егіндібұлақ сайлау округі құрылсын.
  2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және сайлау округінің тізімі, оның шекарасы Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.
  3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

         Комиссия төрағасы                                         Р.Ихласов

 

         Комиссия хатшысы                                         Г.Губашева

Дата публикации
28 февраля 2024