Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Байқоныс ауылдық округі әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 24 желтоқсан күні Байқоныс ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №60 шешімімен Қоңыров Алмаз Төлегенұлы – Байқоныс ауылдық округінің әкімі болып тіркелді, 1990 жылы туған, Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы