Байқоныс ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Байқоныс ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2023 жылғы 24 желтоқсан Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Байқоныс сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4660 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде -  1612 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 37. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 93.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Абубакиров Р.Р. – 145 (9,5%);

         Жумагалиев А.Ю. –  337 (22,2%);

         Қазиев Н.М. –   355 (23,4%);

         Қоңыров А.Т. – 627 (41,3%);

         Өтеш А.Н. –  18 (1,2%).

Байқоныс ауылдық округінің әкімі болып Қоңыров Алмаз Төлегенұлы сайланды, 1990 жылы туған, Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 декабря 2023