Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2020 жылдың 7 тамыз күні Рубежин және Дариян ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 7 тамыздағы Қаулысымен Рубежин және Дариян ауылдық округтерінің әкімдері лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
Рубежин ауылдық округіне – Кенжин Асылбек Фазылұлы; 1969 жылы туылған; Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі әкімінің орынбасары; Дариян ауылында тұрады.
Дариян ауылдық округіне – Кәкенов Тілек Насырұлы; 1967 жылы туылған; Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің әкімі; Қабыршақты ауылында тұрады.