БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Переметный ауылы         №57        2023 жылғы  14 желтоқсан

 

 

Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылдық

округі әкімі лауазымына кандидаттардың

сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

 

   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына,   28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні сағат 17.00-де Байқоныс ауылдық клубының ғимаратында (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. Осы шешім Байқоныс ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  3. Осы шешім Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Губашеваға жүктелсін.
  5. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

                  

Комиссия төрағасы                                 Р.Ихласов

 

Комиссия хатшысы                              Г. Губашева

 

 

Дата публикации
14 декабря 2023