Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Мичурин ауылдық округі әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 10 желтоқсан күні Мичурин ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы №54 шешімімен Мусалимов Максим Болатұлы – Мичурин ауылдық округінің әкімі болып тіркелді, 1988 жылы туған, Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Асан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы