Мичурин ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 10 желтоқсанда Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Мичурин сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7078 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде - 1349 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 30. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 58.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мусалимов М.Б. – 1133 (89,8%);
Мұхтаров М.Н. – 74 (5,9%);
Төрешов М.Б. – 54 (4,3%).
Мичурин ауылдық округінің әкімі болып Мусалимов Максим Болатұлы сайланды, 1988 жылы туған, Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Асан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы