Бәйтерек ауданы бойынша сағат 07.00-ге
сайлау учаскесін ашу туралы
Бәйтерек ауданының №164, №206, №207, №208, №209, №210 учаскелік сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2023 жылғы 10 желтоқсан жергілікті уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша Мичурин ауылдық округіндегі 6 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.