БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ БАЙҚОНЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2023 жылғы 1 желтоқсан күні Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылдық округі әкімінің кандидаттығына барлығы 6 кандидат ұсынылды, барлық 6 кандидат өзін - өзі ұсынушылар. Ұсынылған 6 кандидаттың ішінен, кандидат ретінде - 5 (83,3%) адам тіркелді, 1 (16,7%) ұсынылған кандидатқа жеке өтініші негізінде тіркеуден бас тартылды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №49 аудандық қоғамдық-саяси «Ауыл тынысы» газетінде жарияланатын болады.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Р.Ихласов