БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабының 1, 6-тармақтарына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 1 желтоқсан күні Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Абубакиров Равиль Ранильевич, 1990 жылы туған, Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Жумагалиев Арман Юрьевич, 1981 жылы туған, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің зейнеткері, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Қазиев Нұрлан Масонұлы, 1962 жылы туған, Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Қоңыров Алмаз Төлегенұлы, 1990 жылы туған, Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Өтеш Аслан Нұржанұлы, 1997 жылы туған, Бәйтерек ауданының Шалғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Шалғай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы