Кандидаттардың ұсынуы туралы ақпарат - 28.11.2023 ж.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2023 жылдың 28 қараша күні Байқоныс (Трекин) ауылдық округі әкіміне кандидаты ұсыну үшін өзін-өзі ұсынған Нұрлан Масонұлы Қазиевтің құжаттары түсті.
Өзін-өзі ұсынған Н.М.Қазиевтің барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттың құжаттарын қабылдау туралы акті жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін және оны одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.