Кандидаттардың ұсынуы туралы ақпарат - 20.11.2023 ж.

Кандидаттардың ұсынуы туралы ақпарат - 20.11.2023 ж.

 

         Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2023 жылдың 20 қараша күні Трекин ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну үшін өзін-өзі ұсынғандар Аслан Нұржанұлы Өтештің және Арман Юрьевич Жұмағалиевтың тиісті құжаттары түсті.

         Өзін-өзі ұсынғандар А.Н.Өтештің және А.Ю.Жұмағалиевтың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.

Дата публикации
20 ноября 2023