БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ МИЧУРИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2023 жылғы 17 қарашада Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округі әкімінің кандидаттығына барлығы 4 кандидат ұсынылды, барлық 4 кандидат өзін - өзі ұсынушылар. Ұсынылған 4 кандидаттың ішінен, кандидат ретінде - 3 (75%) адам тіркелді, 1 (25%) ұсынылған кандидатқа жеке өтініші негізінде тіркеуден бас тартылды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2023 жылғы 20 қарашадағы №47 «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде жарияланатын болады.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Р.Ихласов