БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Переметный ауылы №43 2023 жылғы 15 қараша
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық
округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы
24 желтоқсанға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Бәйтерек ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық – саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Р.Ихласов
Комиссия хатшысы Г.Губашева