Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Бейбітшілік ауылдық округі әкімін тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Бейбітшілік ауылдық округі әкімін тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 10 қыркүйек күні Бейбітшілік ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі №37 шешімімен Жандарбеков Манарбек Жандарбекұлы – Бейбітшілік ауылдық округінің әкімі болып тіркелді, 1980 жылы туған, Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.

 

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 сентября 2023