БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ БЕЙБІТШІЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ БЕЙБІТШІЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес 2023 жылғы 18 тамызда Бәйтерек ауданының Бейбітшлік ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу аяқталды.

         Бәйтерек ауданының Бейбітшілік ауылдық округі әкімінің кандидаттығына барлығы 5 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 кандидатты «АМАNAT» партиясының Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды, 4 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды. Ұсынылған 5 кандидаттың ішінен 3 адам (60%) кандидат ретінде тіркелді, 2 (40%) ұсынылған кандидаттарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2023 жылғы 21 тамыздағы №34 «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде жарияланатын болады.

                       

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 августа 2023