БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ БЕЙБІТШІЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 15 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде Бейбітшілік ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Бәйтерек ауданы бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1-еуі - «AMANAT» партиясының Бәйтерек аудандық филиалынан және 4-еуі өзін-өзі ұсынғандар.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы