Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Достық ауылдық округі әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 14-бабының 9)-тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 13 тамыз күні Достық ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 тамыздағы шешімімен Төлеуов Әбубәкір Қамбарұлы, 1980 жылы туған, Достық ауылдық округінің әкімі, Достық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынушы – Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы