Краснов және Сұлу көл ауылдық округтері әкімдерінің сайлау нәтижесі туралы ақпарат

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2020 жылдың    25 маусым күні Краснов, Сұлу көл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен Краснов және Сұлу көл ауылдық округтерінің әкімдері лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

Краснов ауылдық округіне – Мұғалбаев Исатай Жұмағұлұлы; 1962 жылы туылған; Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округінің әкімі; Янайкин ауылында тұрады.

Сұлу көл ауылдық округіне – Молдағалиев Қонысбай Закарияұлы; 1961 жылы туылған; Сырым ауданы «Гаумертекс» ЖШС жабдықтаушысы; Жымпиты ауылында тұрады.

Краснов және Сұлу көл ауылдық округтері әкімдерінің сайлау нәтижесі туралы ақпарат
Дата публикации
29 июня 2020