Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағына сәйкес №155, №156 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:
- №155 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Нығметова Жанар Сағындыққызының орнына Переметный ауылдық округі әкімі сайлауының науқаны кезеңіне комиссия мүшесі болып Үмбетқалиева Тұрсынай Рамазанқызы уақытша тағайындалды;
- №156 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Иманғалиева Батима Болатқалиқызының орнына Переметный ауылдық округі әкімі сайлауының науқаны кезеңіне комиссия мүшесі болып Иманғалиева Малика Рустамқызы уақытша тағайындалды.