Бәйтерек ауданы әкімінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №334 «Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Бәйтерек ауданы әкімінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №334 «Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. Бәйтерек ауданы әкімінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №334 «Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5661 тіркелген, 2019 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Бисакаевқа жүктелсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі

 

М. Токжанов

Дата публикации
01 сентября 2022