БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 31 тамыз күні Бәйтерек ауданының Переметный ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Герасимов Алексей Викторович, 1986 жылы туылған, Бәйтерек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.
- Пономарев Артур Викторұлы, 1989 жылы туылған, Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Белес ауылында тұрады; өзін-өзі ұсынды.
- Халденов Бағдат Бибетұлы, 1991 жылы туылған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Калинин ауылында тұрады; өзін-өзі ұсынды.
- Қалиев Асқар Айдынұлы, 1994 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады; өзін-өзі ұсынды.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Р.Ихласов