Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Раздольное ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы хабарламасы

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Раздольное ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

хабарламасы

 

2022 жылдың 2 ақпанда сағат 18.00-де Раздольное ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеуі аяқталды.

2022 жылдың  15 қаңтарынан  2022 жылдың 28 қаңтары аралығында ұсыну қорытындысы бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсынушылардан ауылдық округ әкіміне кандидат болу үшін 4 ұсыну өтініштері келіп түсті. 4 өзін-өзі ұсынушылардың 3-і ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді, олар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, құжаттардың толық тізбесін ұсынып, тиісті мемлекеттік органдардың тексеруінен өтті. 2022 жылдың 2 ақпан күні сағат 18.00 дейін 1 өзін-өзі ұсынушы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шотына өз сайлау жарнасын аудармағандықтан, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, оны ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.

         Осылайша тіркеудің қорытындысы бойынша Раздольное ауылдық округінің әкімдігіне келесі кандидаттар тіркелді: Ерболатов Болат Хайроллаұлы, Қалиев Зейнолла Ғайноллаұлы, Қожағалиев Тілекқабыл Қабесұлы.

 

 

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Раздольное ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы хабарламасы
Дата публикации
03 февраля 2022