БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 29 қаңтар күні Бәйтерек ауданының Раздольное ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Ерболатов Болат Хайроллаұлы, 1970 жылы туылған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Батыс Қазақстан облысы Дариян ауылында тұрады; өзін-өзі ұсынды.
- Қалиев Зейнолла Ғайноллаұлы, 1976 жылы туылған, Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады; өзін-өзі ұсынды.
- Қожағалиев Тілекқабыл Қабесұлы, 1962 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады; өзін-өзі ұсынды.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Р.Ихласов