Бәйтерек ауданы бойынша 2022 жылға жоспарланған мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстар жоспары

"Бәйтерек ауданында отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешу"- 1,5 млн тг.

"Бәйтерек ауданында Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарды өмірге бейімдеу, әлеуметтік қолдау көрсету" - 2 млн тг.

"Бәйтерек ауданында тарихи-мәдени мұраны қорғау, аудан аумағында орналасқан археологиялық нысандарға (қорғандар) барлау жұмыстарын жүргізу" - 4 млн тг.

"Бәйтерек ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыру, аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, әділдік, ашықтық, адалдық ұстанымдарын насихаттау. Халық көп баратын орындар мен ғимараттарды көрнекі материалдармен жабдықтау" - 500 мың тг.

"Бәйтерек ауданында жастар саясаты бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі қызметтер  (ауыл жастарын қолдау), ауыл жастары арасында мемлекеттік саясатты, әлеуметтік бағдарламаларды насихаттау" - 2,5 млн. тг.

"Бәйтерек аудан тұрғындары арасында дін саласындағы мемлекет қызметінің зайырлы қағидаттары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, деструктивті діни ағым өкілдерімен теологиялық-психиологиялық бағытта жеке оңалту жұмыстарын жүргізу" - 7 млн. тг.

Бәйтерек ауданы бойынша 2022 жылға жоспарланған мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстар жоспары
Дата публикации
14 января 2022