Кандидаттардың өз-өзін ұсынуы туралы

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2022 жылы 19 қаңтар күні Раздольное ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну үшін өзін-өзі ұсынғандар Болат Хайроллаұлы Ерболатов пен Зейнолла Ғайноллаұлы Қалиевтың тиісті құжаттары түсті.

Өзін-өзі ұсынған кандидаттардың барлық құжаттары құжаттар тізімі бойынша қабылданды және ауылдық округі әкіміне кандидаттардың құжаттарын қабылдау актісі жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін және оны одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.

 

Дата публикации
19 января 2022