Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Махамбет ауылдық округі әкімін тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 27 қыркүйекте Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.
Сайлау қорытындысына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 қазан №128 шешімімен Махамбет ауылдық округінің әкімі болып Қарекенов Данияр Сансызбайұлы тіркелді.
Қарекенов Данияр Сансызбайұлы - 1988 жылы туған, Батыс Қазақстан облысындағы мүгедек балалардың «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің бас есепшісі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы