Щапов ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2026 жылғы 27 қыркүйекте Бәйтерек ауданының Щапов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Щапов ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Щапов сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1 316 сайлаушы енгізілді, оның ішінде – 416 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 21. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жұлдызбеков А.Ж. – 66 (17,14%);
Нұрбайыров Б.Т. – 319 (82,86%).
Щапов ауылдық округінің әкімі болып Нұрбайыров Біржан Төлегенұлы сайланды, 1976 жылы туған, Бәйтерек ауданының Щапов ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Щапов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы