Көшім ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2026 жылғы 27 қыркүйекте Бәйтерек ауданының Көшім ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Көшім ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Көшім сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2 654 сайлаушы енгізілді, оның ішінде – 1 444 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 221. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 41.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Альмурзин А.Ғ. – 909 (76,90%);
Сейтеков Г.С. – 273 (23,10%).
Көшім ауылдық округінің әкімі болып Альмурзин Ауған Ғарифоллаұлы сайланды, 1973 жылы туған, Бәйтерек ауданының Көшім ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы