Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

         Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы 6,8-тармақтарына сәйкес №171, №174, №175 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:

        - №171 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Галия Кенжебаевна Ихсанованың орнына, Гниломедова Анна Алексадровна уақытша сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;

- №174 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Галина Николаевна Иваниканың орнына, Пухова Светлана Геннадьевна уақытша сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;

- №175 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Артур Тулеугалиевич Мергалиевтің орнына, Тулегенов Есболат Мендиханович уақытша сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 сентября 2026