Бәйтерек ауданы Көшім, Махамбет, Щапов ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Бәйтерек ауданы Көшім, Махамбет, Щапов ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2026 жылғы 4 қыркүйекте Бәйтерек ауданының Көшім, Махамбет, Щапов ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округі әкімінің кандидаттығына 3 кандидат ұсынылды, 3 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды. Ұсынған 3 кандидаттың барлығы ауылдық округ әкіміне кандидаттар болып тіркелді.

Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің кандидаттығына 4 кандидат ұсынылды, 4 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды. Ұсынған 4 кандидаттың 3-і ауылдық округ әкіміне кандидаттар болып тіркелді, 1 кандидатқа мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.

Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округі әкімінің кандидаттығына 3 кандидат ұсынылды, 3 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды. Ұсынған 3 кандидаттың барлығы ауылдық округ әкіміне кандидаттар болып тіркелді.

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2026 жылғы 7 қыркүйектегі №37 «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде жарияланатын болады.

           

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 сентября 2026