Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Белес ауылдық округі әкімін тіркеу туралы хабарламасы

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Белес ауылдық округі әкімін тіркеу туралы хабарламасы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 5 шілдеде Белес ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.

Сайлау қорытындысына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 шілдедегі №71 шешімімен Белес ауылдық округінің әкімі болып Жүнісова Бахытгүл Батырбекқызы тіркелді.

 Жүнісова Бахытгүл Батырбекқызы - 1980 жылы туған, Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Белес ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 июля 2026