Атамекен және Белес ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Атамекен және Белес ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі 2026 жылғы 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталғанын хабарлайды.
2026 жылғы 28 мамыр мен 9 маусым аралығында Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясына саяси партиядан және өзін-өзі ұсынған азаматтардан ауылдық округтер әкімдеріне кандидат ретінде ұсыну туралы барлығы 6 өтініш келіп түсті.
Бәйтерек ауданының Атамекен сайлау округі бойынша 3 кандидат ұсынылды, олардың барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Бәйтерек ауданының Белес сайлау округі бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 кандидат «AMANAT» партиясының аудандық филиалы тарапынан, 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы