Переметный ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2026 жылғы 17 мамырда Бәйтерек ауданының Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Переметный ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Переметный сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4767 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 1338 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған бюллетеньдер саны – 132. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 72.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кушубаев Данияр Құрманғалиұлы – 872 (76,90%);
Өтеш Аслан Нұржанұлы – 157 (13,84%);
Сураншиев Арман Балтабайұлы – 105 (9,26%).
Переметный ауылдық округінің әкімі болып Кушубаев Данияр Құрманғалиұлы сайланды, 1989 жылы туған, Бәйтерек ауданы «Байтерек Жол Курылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық директоры, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Калинин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы