Аудан бойынша барлық спорттық нысандарының саны – 186. Оның ішінде: Спорт кешені – 2; ату тирі – 2; жазықтық алаң – 135; спорт залдар – 22, биімделген спорт залдар – 25.
2023 жылдың Бәйтерек ауданыңда өткізілген іс-шаралар
ОТБАСЫ БАҚЫТ МЕКЕНІ АТТЫ СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ
"Отан - отбасынан басталады" деген ұлағатты сөздің мәнін айшықтайтын "Отбасы күні" мерекесі 2013 жылдан бері қыркүйек айының екінші жартысында атап өтіледі.
Кез-келген мемлекеттің қуатты болуы, еңбекке қабілетті, ой еңбегі мен дене еңбегін қатар алып жүретін тәні мықты, рухы биік жандары көп елде ғана жүзеге асады. Халық даналығында: «Тәні мықтының, рухы мықты», «Дені саудың, жаны сау», «Денсаулық - басты байлық», «Спорт-денсаулық кепілі» деген сөздердің мәні тереңде жатыр.
Осы орайда Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында Толағай спорттық отбасылық сайысы өтті. Сайысқа барлығы 6 отбасы қатысты.
Мақсаты - отбасы құндылықтарын қалыптастырып, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеп, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

"ЕҢБЕК КУБОГІ - 2023" аудандық турнир өтті
Переметный ауылында өткен жарысты аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен "Бәйтерек" спорт клубы бірлесе ұйымдастырды.
Еңбек күніне орайластырылған бәсекеге Белес, Щапов, Раздольное, Атамекен, Көшім,

Бейбітшілік, Янайкин, Мичурин, Дариян, Трекин, Переметный ауылдық округтерінен келген 12 команда қатысты.
28 - ші қазан күні Переметный ауылында “Республика күні” мерекесіне орай үстел теннисінен ерлер және әйелдер арасында Бәйтерек ауданының ашық біріншілігі болып өтті. Жарысқа Бәйтерек ауданы, Орал қаласы және Тасқала ауданынан 30-дан астам спортшы қатысты.

ғымдағы жылдың 17 қараша күні “15 қараша ұлттық валюта-теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толуына орай мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада” болып өтті. Жарысқа Бәйтерек ауданы әкім аппараты, Бәйтерек ауданы бөлім басшылары, Бәйтерек ауданының ауылдық округ әкімдері және мәслихат депутаттары қатысты. Спартакиада 3 спорт түрінен өтті: Волейбол, дойбы және үстел теннисі.
