Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары!
Шалғай ауылдық округінде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жоспарлы дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл көшелерінде арықтарды тазалау, су өткізу жолдарын ашу және еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету шаралары қолға алынды.
Аталған жұмыстар көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жұмыстар тұрақты бақылауда.