
Шалғай ауылдық округі Шалғай ауылы газ, жарық, ауыз сумен қамтылған.
Шалғай ауылында 204 үй, 10 мекемеге газ тартылған. Тыңдала және Таловая ауылдарында газ жоқ. Ауылдық округте ауыз сумен қамту жұмысын «Коммунальник» МКҚК жүзеге асырады. Шалғай ауылында 196 үйге ауыз су өткізілген. Карпов және Таловая ауылдарына «Хаметов» ШҚ және «Необутов» ШҚ цистерналармен ауыз суын тасымалдап апарады.
Электр жарығымен 100% қамтылған.
"Переметное-Вечный" аудандық маңызы бар жолы бар. Аталған жолдың 31 шқ асфальтталған.
Шалғай ауылының ауылішілік жолдарының ұзындығы - 7,6 шқ құрайды, Тыңдала ауылының ауылішілік жолдарының ұзындығы - 2,5 шқ, Таловая ауылының ауылішілік жолдарының ұзындығы - 2,2 шқ құрайды. Ауылішілік жолдарды күтіп ұстайтын мердігер «Коммунальник» МКҚК.