
Ауылдық округте шағын бизнестің 8 шаруашылық субъектісі тіркелген, оның ішінде 6 сауда нүктелері жұмыс істеуде. Олар 4 азық-түлік дүкені, 1 шаруашылық жабдықтары дүкені және 1 дәріхана. Жолаушыларды тасу үшін 10 орындық 1 УАЗ автокөлігі және 7 орындық 1 шағын автокөлік қызмет көрсетеді. Барлығы шағын бизнесте 27 адам еңбек етеді.
Апта сайын дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізіледі.