Достық ауылдық округі бойынша Достық ауылында бір дәрігерлік амбулатория, Чувашин және Красный Урал ауылдарында екі медпункт халыққа қызмет көрсетуде. Биыл Достық ауылындағы Достық минимаркет жанында және амбулатория жанында екі дәріхана ашылып өз жұмыстарын іске асыруда. 2023 жылдың соңында Достық ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жедел жәрдем көлігі берілген болатын.