Ауылдық округтің ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары бұл – өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы.
Округ аумағында 1АШӨК, 7 ЖШС, 9 шаруа қожалықтары тіркеліп, жұмыс жасауда. Жеке қосалқы шаруашылықтар саны – 121 аула.
2024 жылғы 1 қаңтар айына мал саны: ірі қара мал – 1329 бас, қой мен ешкі – 3028 бас, жылқы – 149 бас, шошқа – 164 бас, құс саны – 1805 дана құрайды.
Соның ішінде: ІҚМ - Ауыл тұрғындарында 585 бас, ШҚ-тарда 744 бас, қой мен ешкі - Ауыл тұрғындарында 2390 бас, ШҚ-тарда 160 бас ЖШСда 478 бас, жылқы - Ауыл тұрғындарында 23 бас, ШҚ-тарда 58 бас, ЖШСда 68 бас, шошқа - Ауыл тұрғындарында 66 бас, ШҚ-тарда 98 басты құрайды.
Барлық мал идентификатталған, жоспарлы вакцинациялаудан өтеді.