Белес ауылдық клубы - 200 орындық, 1974 жылы салынған, жылыту жүйесі газбен жылытылады; Мәдениет үйінде 9 мәдениет қызметкер жұмыс жасайды. 8 үйірме бар, «Ару Ана» әжелер ансамблі , «Ақ босаға» келіндер клубы , көркемсөз , домбыра, би, вокал, балалар вокал , балалар драма үйірмелері жұмыс жасайды. Барлық қатысушылар саны – 93. Мәдениет үйінің директоры - Имагамбетова Актоты Сериковна, білімі жоғары. 2023 жылы 81 іс-шара өткізілді, көрермендер саны-5644 адам.
Белес ауылдық кітапханасы, ауылдық әкімшілік ғимаратында орналасқан, барлық кітап қоры – 19297 дана, оқырмандар саны – 1057 адам. Кітапханашы – Хасенова Кенжеганым. 2023 жылы 35 іс-шара өткізілді.