
Байқоныс ауылдық округі бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының тапсырмаларын орындап, жұмыстар атқарылуда.
Округте қаңтар-сәуір айлары аралығында көктемгі су басудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар арықтарды тазалау, тұрғындарға хабарламалар тарату жұмыстары, жалғызбасты қариялардың ауласынан қарлар шығарылды. Жағар-жанармай, қапшықтар, құм дайындалды және мотопомпа, генераторлардың жұмыс істеуі тексеріліп, дайындалды. Су тасқыны кезінде дамбылар тұрғызылып, қаптарға құм қапталды.