16 қазан күні «Арман» кафесінде ауылымыздың ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында ауылымыздың қадірлі қарияларына ерекше ықылас көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. Ақ дастарқан басында бас қосқан үлкендеріміз бір-бірімен жүздесіп, әңгіме-дүкен құрып, өткен күндердің естеліктерімен бөлісті. Ізгі тілектер айтылып, ақ баталар берілді. Осындай басқосулар үлкендеріміздің көңілін көтеріп қана қоймай, олардың қоғамдағы орны мен қадір-қасиетін тағы бір мәрте айқындай түседі.
Осы мерекелік кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен “Авангард”ЖШС-не, “Плаксин” шаруа қожалығына, жеке кәсіпкерлер: Камалова А.П., Аменова Ж.К., Сундеткалиева М.Т., Хадымова Ж.Г., демеушілік танытқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз! Ұйымдастыруға атсалысқан І.Есенберлин мектеп ұжымы, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана және ауыл әкімі аппаратының қызметкерлеріне, “Арман”кафесінің иесі Ляззат Бауыржанқызына ризашылығымызды білдіреміз!
Жақсылық жасау – жүректің кеңдігі мен жанның жомарттығын танытатын ізгі қасиет. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында үлкендеріміз бір сәт болса да ерекше ықыласқа бөленіп, өздеріне деген құрметті сезінді. Қариялардың қуанышты жүзін көріп, ақ баталарын алу – біз үшін үлкен мәртебе әрі рухани байлық.
Жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз! Әрдайым ел игілігі үшін атқарып жүрген ізгі істеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз асқақтай берсін! Балаларыңыздың қызығын көріп, ұрпақтарыңыздың ортасында сый-құрметке бөленіп, ұзақ ғұмыр кешулеріңізге тілектеспіз!
Атамекен ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орны ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні Атамекен ауылында Наурыз мерекесі кеңінен атап өтілді. Орталық алаңда мекемелер арасында ұлттық тағамдардан жайылған ақ дастарханнан жұртшылық дәм татты. Ауыл әкімі Фархат Мәлікұлы жиналған ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, игі тілегін білдірді. Мерекелік шара мерекелік концерт, ұлттық спорттық ойындармен жалғасты. Ұлттық спорт ойындарының жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
22 наурыз күні Атамекен ауылында “Нұр Наурыз - халық тойы!”атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға “Киргенев” шаруа қожалығы, “Авангард” ЖШС, І.Есенберлин мектебі, Фап, Клуб, кітапхана, “Туысқандар”(Байбуловтар және Сарбалиндар отбасы) және Ауылдық округ әкімінің аппараты. Осы аталған мекемелер ұлттық тағамдар дайындап, сонымен қатар палау, кәуәп және самаурынға шәй қайнатып, ауыл тұрғындарына дәм татқызылды. Мерекелік концерт соңында үстел әзірлеген мекеме ұжымдарына тәтті торттар сыйға тартылды. Ұлтттық спорт ойындары (гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тарту) өткізілді. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Қаржылай демеушілік көмек көрсеткен “Киргенев” шаруа қожалығының басшысы: Қайыржан Есенгелдіұлына зор алғысымызды білдіреміз. Мерекелік шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан барлық жандарға алғысымыз шексіз. Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ұлын оң болсын,
Ақ мол болсын!
#Наурызнама #ҰлыстыңҰлыКүніҚұттыБолсын
Атамекен ауылында мекеме қызметкерлерінің арасында волейбол жарысы өткізілді. Жарысқа “Авангард ЖШС”, І.Есенберлин мектебінің мұғалімдері, Атамекен ауыл студенттері, Қайнар жастары және Атамекен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.
🥇 “Авангард ЖШС”
🥈Атамекен ауылының студенттері
🥉Атамекен ауылдық округ әкімінің аппараты
🤾🏻♀️“Үздік шабуылдаушы”- Мендалиева Тамирис
🤾🏻♂️“Үздік байланыстырушы”-Адайев Берік
🤾🏼“Үздік қорғаушы”- Саньковский Анатолий
🤾🏻♂️“Үздік жалғастырушы”-Амангалиев Адильхан
Жеңімпаздарға грамоталармен медальдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Демеушілік ақшалай көмек көрсеткен жеке кәсіпкер “Камалова А.П” Айжан Панагуловна Камаловаға шексіз алғысымызды білдіреміз!!!
Ұйымшылдықпен қатысқан барлық командаларға жақсы ойын көрсеткені үшін рахмет айтамыз!!!!!!✊🏻✊🏻✊🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
13 желтоқсан күні Атамекен ауылдық клубында Тәуелсіздік күніне орай спорт нұсқаушысы Тимур Букежановтың ұйымдастыруымен Белес, Переметный, Қайнар және Атамекен ауыл жастарының арасында қол күрестен жарыс өткізді.
55 салмақта 🥇Латипов Муратбек, 🥈 Абресов Дамир, 🥉Каресов Гумар
65 салмақта 🥇Кирбабин Евгений,🥈Рахметулин Дидар, 🥉Понамарев Виктор
75 салмақта 🥇Пчелинцев Данил, 🥈Габдуллин Габдулла
85 салмақта 🥇Батырбаев Руслан
Ауыл әкімі Фархат Мәлікұлы жеңімпаздарды құттықтап, медальдар мен грамоталарды табыстады.
Тәуелсіздік күні құтты болсын🇰🇿
#Тәуелсіздіккүні
#спорт
#Қолкүресі
29 қазан күні Переметный ауылында Республика күніне арналған ардагерлер арасындағы аудандық спартакиадаға қатысқан Атамекен ауылының тұрғындары зейнеткер Булат Сагинович Мусалимов үстел теннисінен 2 орын, зейнеткер Сапаргалий Акаевич Джумагалиев дойбыдан 1 орын және Қайнар ауылының тұрғыны зейнеткер Казмжан Джардымович Урумбаев шахматтан 2 орынды жеңіп алды. Ауыл ардагерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!
Қайнар ауылдық клубында Республика күніне арналған “Туған жерім Қазақстаным” атты мерекелік концерт кітапхана және клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Ауыл әкімі Фархат Мәлікұлы ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, ауылдың дамуына өз үлестерін қосып жүрген ауыл тұрғындарына аудан және ауыл әкімнің алғыс хаттарын табыстады.
#Республикакүні
#Мерекелікконцерт