АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

19–20 қараша күндері «Жайық Арена» спорт кешенінде ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай алғаш рет волейболдан облыстық турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетов, сала ардагерлері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Қ. Айтмұхамбетов өз құттықтау сөзінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биыл тұңғыш ұйымдастырылған бұл спорттық шара сала қызметкерлерінің бірлігі мен ынтымағын арттыруға бағытталды. Турнирге ауыл шаруашылығы саласының облыстық басқармалары, аумақтық инспекциялар және аудандық мемлекеттік мекемелерден құралған 13 команда қатысты. Екі күнге созылған сайыс барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, жанкүйерлерге тартысты кездесулер ұсынды.

Жарыс қорытындысында Бөкейорда ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Облыстық ветеринария басқармасы екінші орынды, ал ҚР АШМ ВБҚК БҚО аумақтық инспекциясы үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, турнир барысында ең үздік шабуылшы, ең үздік қорғаушы, ең үздік байланыстырушы, турнирдің ардагер ойыншысы және ең жас ойыншы номинациялары бойынша арнайы дипломдар табысталды.

Басталу уақыты

19 қараша 2025

Соңғы күні

20 қараша 2025

Оқиға түрі

Турнир