Басқармаға келіп түскен өтініштерді қарау және олармен жұмыс істеу «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына 2019 жылдың 1 тоқсанында 84 өтініш тіркелді, оның ішінде жеке 57 және заңды тұлға 27 өтініш.
Азаматтардың өтініштерінің көптеп келіп түсуі жеке сот орындаушылар, банкроттық басқарушылар және адвокаттардың ауылшаруашылық техникасының болуы немесе болмауы туралы ақпарат беру туралы сұрауларына байланысты.
Сұрау салумен – 39(46,4%), азамат, арыздармен 39 (46,4%) азамат жүгінді, ұсыныстарымен және пікірлерімен – 6 (7,1%) және шағымдармен – 0 (0%) адам жүгінді.
Қалған өтініштер келесі кезеңділіктен тұрады: 73 (87%) – өтініш ауыл шаруашылығы мәселелері, 5 (6%) – ғылым, технология және инновация мәселелері, 4 (4,7%) – зейнетақы мәселелері, 2 (2,3%) – өзге мәселелер.
Барлық өтініштерді қарау нәтижелері:
Қанағатталды – 47
Қайта жолданды– 5
Түсінік берілді – 32
Тоқтатылды – 0
Байланыс арналары бойынша. Егер азаматтардың өтініштерінің келіп түсу арналарын қарайтын болсақ, онда Басқармада 2020 жылдың 1 тоқсаны бойынша келіп түскен 84 өтініштің:
1) Электрондық үкімет порталы арқылы - 14 өтініш;
2) қолма-қол енгізілген немесе пошта қызметтер арқылы қағаз тасығышта - 30 өтініш;
3) басқа мемлекеттік органдардан қайта жіберілгендер есебінен - 15 өтініш;
4) электрондық почта арқылы - 9 өтініш ;
5) басшылықтың азаматтарды қабылдауы шеңберінде - 16 өтініш.
Келіп түскен өтініштерді сапалы және уақтылы қарауды қамтамасыз ету мақсатында Басқарма тұрақты негізде орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша аппараттық кеңестер өткізіп тұрады, онда негізгі мәселелердің бірі заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылау болып табылады.