Екінші деңгейдегі банктердің қарыздарына кепілдік беру жөніндегі анықтама

Қарыздарға кепілдік беру құралы кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде екінші деңгейдегі банктерден қарыз алу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға бағытталған.

Осы схема бойынша кредиттерді ішінара кепілмен қамтамасыз ету осы бағдарлама бойынша айқындалған кепілгер «Даму КДҚ» АҚ есебінен жүзеге асырылады.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне кепілдік беру мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырылады:

  • Несиенің ең жоғары сомасы 5 млрд. теңгеге дейін.
  • Кепілдік мөлшері негізгі борыш сомасының 50% - на дейін, бірақ 1,5 млрд.теңгеден аспайды.
  • Жоба енгізілгенге дейін басым инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері 85%. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін кепілдік мөлшері стандартты талаптарға дейін азаяды (5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттерге 50%).
  • Кепілдік комиссиясы кепілдік мөлшерінің 30% құрайды, оның ішінде:

- 29,9% - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы төлейді;

– 0,1% - қарыз алушы - агроөнеркәсіптік кешен субъектісі төлейді.

ЕДБ кредиттеріне кепілдік беру мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырылады:

Мемлекеттік қолдаумен кепілдік беру жүйесінің мынадай жағымды жақтары болады:

1) бюджеттік шығыстар экономикалық өсумен, жаңа жұмыс орындарын құрумен және табысты жобалардан түсетін салық түсімдерімен өтеледі;

2) қарыз алушылардың белгілі бір санаттары бойынша жеке кредиторлар қабылдайтын тәуекел ішінара кепілдікпен жабылады;

3) осы модельде жеке сектордың тиімділігі және клиенттердің неғұрлым қауіпті санаттарымен жұмыс істегені үшін мемлекеттің сыйақы төлеуі біріктіріледі.

Комиссияның бір бөлігін кепілдіктің 50 (елу) пайызына дейін субсидиялау мынадай қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады:

- өсімдік және мал шаруашылығы және осы салаларда қызмет көрсету;

- балық өсіру;

- етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру;

- балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу;

- жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу;

- өсімдік және жануарлар майлары мен майларды өндіру;

- сүт өнімдерін өндіру;

- ұн-жарма өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру;

- нан-тоқаш, макарон және ұн кондитерлік өнімдерін өндіру;

- басқа да азық-түлік өнімдерін өндіру;

- дайын мал азығын өндіру.

Жоба пайдалануға берілгенге дейін басым инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері 85 (сексен бес) пайыздан аспайды. Басым инвестициялық жобалар тізбесіне мыналар кіреді:

- сүт-тауар фермалары;

- етке құс өсіру;

- қарқынды бақ өсіру;

- жылыжайлар;

- қант қызылшасын өсіру және қызылша қантын өндіру;

- жарма өндірісі;

- көкөністер мен жемістерді өңдеу;

- өсімдік майын және (немесе) май өнімдерін өндіру;

- картоп және (немесе) көкөніс өнімдерін өсіру (асханалық сәбіз, пияз, ақ қырыққабат);

- құс шаруашылығында асыл тұқымды репродуктор салу.

Бұл Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен бекітілген АӨК субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Дата публикации
27 декабря 2022