ЕҢБЕК АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЕҢБЕК АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Б.Абуов еңбек ардагері, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, Мұрат Ишанұлы Бохаевты 75 жасқа толуына орай қабылдап, құттықтады. Кездесуге мерейлі жас иесі, оның еңбек жолында қызмет атқарған сала өкілдері және үзеңгілес жолдастары қатысты.
Ардақты азаматтың өмірі мен өнегесі, қажырлы еңбегі туралы арқау болған кездесуде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бақберген Талғатұлы мерейлі жас иесіне аудан әкімінің құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жапты.
Сонымен қатар, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қажғалиев, Чапаев ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Қадисов, "Жайықтехсервис" мекемесі директорының міндетін атқарушы Т.Мурзагалиев, еңбек ардагері Қ.Набиденов, Чапаев ауылдық округінің әкімі Б.Зейнуллин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Аманжолов жылы лебіздерін білдіріп, сый-құрмет көрсетті.
Өз кезегінде Мұрат Ишанұлы өзінің туған күні қарсаңында көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.