Меню

Страницы

Статья

Мероприятия по противодействию коррупции в рамках проекта " Акжайық-Адалдық алаңы»

«Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында аудан көлемінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы

 іс-шаралар бойынша

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-әуқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын өңірлерде жүзеге асыру мақсатында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы іске қосылды.

Жоба мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтардың мемлекеттік билікке сенімін арттыру, қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеу,  азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау жалпы қоғамдық бақылауды іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Жоба аясында аудан әкімдігі жанынан өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта еліміз бойынша карантин режимі енгізілуіне байланысты тұрғындарды қабылдау уақытша тоқтатылды, алайда тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша сауалдарын, ұсыныстарын біз қысқа уақыт ішінде қарап, шешімін табуға тырысып келеміз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңнамасын ақпараттық-түсіндіру бойынша аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарында құқықтық оқытулар, дөңгелек үстелдер жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады.

Ауданымыздың 18 ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбына арналған 51 билборд орнатылды. («Пара берсең жазаланасың», «Параға емес биікке ұмтыл», сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1424 call орталығы, ұлы ғұламаларымыз айтқан өнегелі өсиеттері мен қазыналы сырға толы сөздері жазылған  баннерлер) Ауданда «Пара берме» тақырыбына челендж ұйымдастырылып, 1200-ге жуық жадынама үйлестірілді.

Облысымыз бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнамаға ауданымыздан 226  белсенді әлеуметтік желі пайдаланушы қатысты.

Аудандық «Жайық таңы» газетінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін насихаттайтын мақалалар, ақпараттық материалдар, аудио, видео роликтер тұрақты жариялануда.

«ADAL KOMEK» жобасы аясында аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында жауапты сала басшылары, ауыл әкімдері азаматтарға Ақжайық ауданы әкімдігінің facebook парақшасында бекітілген кестеге сәйкес тікелей эфирде кеңестер беруде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның тапсырмасына сәйкес ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық ақпараттық-ағартушылық штаб жұмыс жасауда. Карантинге байланысты  штаб жұмысы әлеуметтік желіде facebook парақшасында тікелей эфирде жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, халықпен жақын болу, проблемаларын дер кезінде шешу мақсатында ауыл тұрғындары үшін 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап аудан әкімдігінде «Ашық әкімдік» жобасы іске қосылды. Онда аудан әкімдігінің дербес бөлімдері қызмет көрсетіп отыр (5-мекеме: аудан әкімі аппараты, экономика және қаржы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі).

Аталмыш бөлімдер 24 мемлекеттік және қосымша қызметтер көрсетеді. Жыл басынан 255 тұрғынға қызмет көрсетсе, ашылғаннан бері – 2343 адамға қызмет көрсетілді.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында халық үшін ашықтығын және қол жетімділігін арттыру мақсатында «Open Space» форматын ұйымдастыруға ауданымыздағы мекеме ғимараттарының сәйкес келмеуіне байланысты бұл форматқа көшу мүмкін болмай отыр. Алдағы уақытта, басқа мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жетімді болу үшін барлық ауылдық округ әкімдіктері ғимаратынан  «Сервистік» әкімдіктер бойынша өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары ашылды (4 ауылдық округте ғаламтор желісі нашарлау). Бұл жерде ауыл тұрғындары аудан орталығына бармай, электронды қызмет egov.kz порталы арқылы өздеріне қажетті анықтамаларды алады.

Тұрғындарға ашықтықты, қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйге және  жер кезегінде тұрған азаматтар өз кезегін «е-гов» сайтынан қарай алады.  

Одан бөлек жергілікті атқарушы органдардың бюджеттері туралы мәліметтер «Ашық бюджет» сайтында жарияланып тұрады.

Сондай-ақ, жер саласында да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында  жыл сайын аудандық жер комиссиясының құрамын ауысып тұрады. Комиссия құрамының басым бөлігі үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, шаруа құрылым басшыларынан құрылған.

 Жер комиссиясының отырыстары Aqjayq Jer Bo`limi Facebook парақшасында тікелей эфирде өткізіледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының
8-бабына сәйкес ауылдық округтер мен дербес бөлім қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көріністері анықталмады.

"Ақжайық – адалдық алаңы" жобасы аясында мектеп оқушыларын адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу мақсатында 16 «Адалдық дүкені» ашылды. Олардың 14-і мектепте, 1 колледж бен
1 кітапханада орналасқан.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Мекемелер жоспар бойынша («Адалдық алаңы» жобасы бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізу, «Пара беру де, алу да-күнә» тақырыбында жемқорлыққа қарсы акциялар ұйымдастыру, ашық есік күнін өткізу, парасаттылық тақырыбында дәріс өткізу) іс-шаралар өткізіліп, өткізілген шаралар Instagram және facebook желісіндегі әлеуметтік парақшаларда жариялануда.

«Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы аясында мекемелердің бірінші басшыларының кабинеттерінің 1 қабатта орналастыру көзделген болатын. Қазіргі таңда әкімдікке қарасты 97 мекеменің 87-сі 1 қабатта орналасқан, қалған 10 мекеменің ғимаратының сәйкес келмеуіне байланысты көшіру мүмкіндігі болмай отыр (ғимарат сәйкес келмейді – 4, қаржылық қиындықтар – 1, бірінші қабатқа басқа мекеме орналасқан –5).

Елбасы өз Жолдауында өңірлерде сыбайлас жемқорлықпен күресті жалғастыруды тапсырды. Бұл бағытта қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және мемлекеттік билікке азаматтардың сенімін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Осымен тікелей эфирге жоспарланған уақытымыз аяғына жетті. Эфир уақытында қосылған, белсенділік танытқан баршаңызға алғысымды білдіремін.

Бұл эфир әлеуметтік желіде жүктеледі. Сонда сұрақтарыңызды қалдырсаңыздар болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 сентября 2020
Дата обновления
17 сентября 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

18 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы